• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы көше және аула шамдарын қалпына келтіру басталды

Павлодардағы көше және аула шамдарын қалпына келтіру басталды

Жауапты тұлға өкілдері әр бағанды тексереді. Күндіз олар қаланы аралап, жарық қосады. Барлығын тиянақты жасауда. Жанбай қалған шамдар анықталса, дер кезінде ауыстырылады. Мұндай жұмысты тек орталықта ғана емес, екінші деңгейдегі, сондай-ақ орамішілік аумақтарда да жүргізеді.

 

- Бір шамда шамамен 200-300 диод бар. Диодтар жанған кезде ол азаяды, бірақ біз оны мүлдем жоятындай деңгейге жеткізбейміз. Әрине, егер жөндеу қажет болса, жөнделеді. Болмаса жаңасына ауыстырылады, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Әлібек Оразалин.

 

Жұмыстың басталғанына көп болған жоқ. Барлығы 17 мыңнан астам шамды бақылауда ұстау қажет. Бұл ретте шаралар барлық жерде атқарылмайды. ТҮКШ бөлімі кейбір мекенжайлардағы желілердің ескіргенін айтуда. Оларды ауыстыру керек. Айта кетейін, Павлодарды жарықтандыруға биыл 100 миллион теңге бөлінді.