Павлодардағы Малайсары батыр ескерткішіне жөндеу қажет

Павлодарлықтар қаланың көрікті жерлерінің біріне назар аударуды сәуір айында сұраған болатын. Сол уақыттан бері мәселе өзгеріссіз қалды. Ескерткіштің тақтайшалары құлап жатса, жаңбыр суы монументтің сырт келбетін бұзып үлгерді.

 

Қала әкімдігінде мәлімдегендей, Павлодардағы барлық ескерткіштердің жағдайын сәуір айында тексерген. Ол кезде Малайсары батырдың монументі құс қалдықтарынан тазаланды. Ал айғыздар жаңбыр суынан пайда болған.   

 

- Жұмыстар Павлодар қаласы әкімдігінің коммуналдық қызмет мамандарының көмегімен орындалды. Тазалық және күту шаралары жыл бойы жүргізіледі. Малайсары Батыр ескерткіші алдағы уақытта қалыпты күйге келтіріледі, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Естеріңізге салсақ, монумент 2016-шы жылы ашылды. Ескерткіш авторы Болат Құсайынов. Композицияны орындау барысында өнделген гранит тасы қолданылды.