Павлодардағы масаларды улайтын мердігер жоқ

Павлодар мен оған жақын елді мекендер қансорғыштардан жаппай зардап шегуде. Далаға шығып серуендеу тіпті мүмкін емес. Қалалықтар ыстық үйде тығылып отыруға мәжбүр. Қазір тіпті әлеуметтік желілерде маса шақты деген суреттер өте көп. ТҮКШ бөлімінде конкурс өткізу шаралары енді жүргізіліп жатқанын айтты. 

 

- Бүгінгі таңда Кенжекөл ауылында улау жұмыстарын жүргізу бойынша келісімшарт жасалды. Павлодарское ауылы бойынша да жасалуы тиіс. Біз де конкурс өткізетін боламыз. Жер қойнауын пайдалану басқармасы біздің саябақтарда, яғни қала ішінде жұмыстарды жүргізуде, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы м.а. Арслан Айдарханов.

 

 

Конкурс нәтижесі дүйсенбі белгілі болмақ. Егер келісімшартқа қол қойылмаса, бұл жұмыс көлемін облыстық мердігер өз мойнына алады. Ал қалалық ТҮКШ бөлімі оны бақылайды. Мемлекеттік сатып алулар сайтында қансорғыштармен күрес жұмысы бойынша төрт байқау жарияланғаны көрсетілген. Үшеуі өткізілмесе, біреуінен бас тартқан.