• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы медицина ордасындағы өрт себептері мәлім болды

Павлодардағы медицина ордасындағы өрт себептері мәлім болды

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің берген ақпараты бойынша қазанның 29-ы түнгі сағат үш жарымдар шамасында Нұркин көшесіндегі 75-үйде орналасқан ғимаратта өрт шыққан туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер Павлодар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында екі қабатты «А» корпусының үй-жайында санөткізгіштің және пластикалық есіктердің 3 шаршы метр алаңында түтін шығып жатқанын анықтады. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 105 бала, 71 ересек адам, 12 персонал өздігінен эвакуацияланған. Өрт сөндірушілер мен полиция қызметкерлерінің көмегімен 14 адам құтқарылды, оның ішінде 7 бала, 5 ересек адам, 2 персонал. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері 17 зардап шегушіні қарап шығып, оларға алғашқы көмек көрсетті. Оның ішінде 8 ересек адам және 9 бала. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 04-00-де сөндірілді.