• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы саябақтарды жөндеуге қалалық бюжеттен 11 миллион теңге жұмсалмақ

Павлодардағы саябақтарды жөндеуге қалалық бюжеттен 11 миллион теңге жұмсалмақ

Бақтардың ағымдағы жөндеуіне 17 миллион теңге қарастырылған. Мердігер анықталып, 11 миллионға келісімшарт жасады. 15 адамнан 2 бригада еңбек етуде.

 

- Бүгіннен бастап осы саябақты бастап жатыр. Негізгі жұмыстары бұлардың орындықтарды бояу, қоқыс жәшіктерін бояу, орындықтардың сынған жерлерін жөндеп, шіріген ағаштарын ауыстырып, кеспетастардың ойылып қалған жерлерін түзеу, - дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Сабыр Оразбаев.    

 

Бұдан соң мердігерлер жөндеу жұмыстарын жағалауда және Назарбаев даңғылында орналасқан жаяу жүргіншілер жолында жалғастырып, мүсінтастарды да қалпына келтіреді. Мамандардың айтуынша жөндеуді 2 айда аяқтау жоспарланған.