Павлодардағы шетелде оқитын студенттер уайым үстінде

Елімізде жарияланған Төтенше жағдай қалааралық көлік қозғалысының жұмысына кері әсерін тигізді. Тасымалдаушылардың ақпараты бойынша, рейстердің саны азайған. Ал қаңтардың 16-нан Ресей еліндегі көптеген жоғары оқу орындарында қысқы сессия басталады. Шетелде оқитын азаматтар алаңдауда.

- ПТР тест тапсыру бойынша қорқыныш болды. Себебі, қаңтар айы басынан Павлодарда бір де бір жекеменшік клиника жұмыс жасаған жоқ. Сондықтан, көптеген студенттер жағдайдан қалай шығатындарын білмеді. Қуанышымызға орай кардиологиялық орталықта ПТР тест тапсыру мүмкін болды. Ал бүгін деканаттан тіптен қуанышты жаңалық келді. Қазақстандық студенттерге сессияны тапсыру мерзімін 3 аптаға ұзартады, - дейді Новсібір мемлекеттік техникалық университетінің бірінші курс студенті Мила Буланова.

Ал денсаулық сақтау басқармасы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

- ПТР тесттер бойынша шұғыл әрекет ету орталығына көптеген қоңыраулар келді. Біз хабарласқандарға мекенжайларды айттық, қазір мәселе жоқ. ПТР зерттеулер жасалып жатыр. Егер алдағы уақытта интернетті бірнеше сағатқа қосатын болса, онда мәселе толығымен шешіледі деп ойлаймын. Олар зерттеу нәжижелерін QR-код арқылы алады, тек ақпараттық жүйелер істен шықпаса болғаны. Ал осы күндері ПТР тесттерді медициналық мекемелердің мөрімен жіберілді, - деп мәлімдеді Павлодар облысының денсаулық басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.

Павлодар облысында ПТР тесттердің саны бір аптаның ішінде үш есеге азайған. Бұл интернеттің жоқтығымен байланысты. Сондай-ақ, көптеген шетелдік жоғары оқу орындарында Қазақстандық студенттер үшін шұғыл желі қосылғаны жайлы белгілі болды.