• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы шіркейлер мен масаларды улауды екі аптаға кеш бастады

Павлодардағы шіркейлер мен масаларды улауды екі аптаға кеш бастады

Қала тұрғындары масамен қатар жаппай пайда болған шіркейге шағымдануда. Айтуларынша күресу жұмыстарының нәтижесі жоқ. Қан сорғыштар мен шіркейлер әлі де көп.

 

- Кеше шіркейге таланып қалдым. Далаға шығу мүмкін болмай қалды ғой, - дейді павлодар тұрғыны.

 

Қалада улау жұмыстары жарты айға кешіккен. Қазіргі таңда жаңа франциялық компанияның препаратын қолдана бастаған. Қалада 2 бригада жұмыс істейді. Жұмысшылар санын 100 адамға дейін арттырмақ.

 

Бұдан бөлек облыс басшысы тек бір ғылыми топ жеткіліксіз екенін айтып, қаланы бірнеше бөлікке бөліп жұмыс істеу қажет екенін алға тартты. Сонымен қатар, масамен қатар шіркеймен де күресу күшін арттыруды тапсырды.