• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы скейтборд алаңы орталық жағажайға көшірілді

Павлодардағы скейтборд алаңы орталық жағажайға көшірілді

Кезінде бұл мәселеге бірінші болып көңіл бөлген «Ирбис» тілшілерінің бастамасы қала әкімінің қолдауын тауып, скейт алаңын жаңа орнына көшіру бір ай уақытты қажет етті. Қазір конструкциялар жағажайдың ажарын келтіруде. 

 

- Сәулет және ТҮКШ бөлімімен  жаңа мекенді бекіттік. Павлодар облысы спорт және туризмді дамыту басқармасымен келісіліп, скейтбор алаңын орталық жағажай аумағына әкелдік. Бұл жер «Спорт-Ситиға» қарағанда әлдеқайда ыңғайлы. Қоғамдық көліктер де жақын, тұрғындарға әлдеқайда қолжетімді, - дейді Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Руслан Даутеков.

 

Өңірімізде скейтбординг спорты соңғы жылдары дамып келеді. Олимпиадалық болып танылғаннан кейін, сұраныс екі есе арта түсті. Әзірге облысымызда тәжірибелі жаттықтырушылар жоқ. Кәсіби мамандар болмағандықтан, үйірмелер де өткізілмейді. Соған қарамастан «скейт» жасөспірімдердің ермегіне айналған. Ал 10 жыл бұрын саусақпен санарлық мынандай алаңдар қазір Павлодарда көптеп салынуда.

 

Авторы: Дархан Бекишев