• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы Торайғыров ескерткіші қасындағы субұрқақ неге жұмыс істемей тұр?

Павлодардағы Торайғыров ескерткіші қасындағы субұрқақ неге жұмыс істемей тұр?

Павлодардағы барлық су бұрқақтар мамыр айының басында іске қосылды. Өткен жылы Торайғыров-Сәтпаев қиылысындағы фонтан күрделі жөндеуден өткен болатын. Алайда, оның қазіргі көрінісі көңіл көншітпейді. Су ататын құрылғылар тоқтап тұрса, тостаған ішіндегі су лас. Осы ретте, адамдар өз ойларымен бөлісті.

 

- Қазіргі уақытта, Торайғыров және Ак. Сәтпаев көшелерінің қиылысында орналасқан су бұрқақтың суын төгу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ертең коммуналдық қызметтер аталмыш фонтанды жуу, суын ауыстыру және іске қосу жұмыстарын жүргізетін болады. Бұдан басқа, қаладағы барлық су бұрқақтар қазіргі уақытта су бұрқақтар және су бұрқақ кешендері штаттық режимде толықтай жұмыс жасауда, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Аталмыш су бұрқаққа жауапты адамдар алдағы уақытта оны қалпына келтіреді. Айта кетсек, қалада биыл 18 су бұрқақ іске қосылды. Олардың күтіміне жергілікті бюджеттен 32,5 миллион теңге бөлінді.