• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы түзеу мекемесінде қызметкер сотталушыға қол көтергені үшін жауапқа тартылып, шені төмендетілді

Павлодардағы түзеу мекемесінде қызметкер сотталушыға қол көтергені үшін жауапқа тартылып, шені төмендетілді

 

 

Бұл туралы адам құқықтары жөніндегі облыстағы өкілі мәлім етті. Арнайы брифингіде лауазымды тұлға бұзушылықтар көбінесе қай салаларды қамтитындығын да атап өтті.

 

Өткен жылдың 5 қарашасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» Конституциялық заңға қол қойған еді. Сол кезден бастап Павлодар облысында да аймақтың өкілді қызметі жұмыс істей бастады. Осы уақытқа дейін өңірімізде жаңа қоғамдық институттан көмек сұрағандар аз емес. Басым бөлігі құзыретті органдар мен лауазымды тұлғалардың көмегіне жүгіне алмағандар екен.

 

-50 өтініш келіп түсті. Жартысы кездесу арқылы шешіледі. Өтініш берушілер басқа мемлекеттік мекемелердің басшыларына кіре алмағанын айтады. Бұндай сұрақтарды шұғыл түрде шешуге тырысамыз,-деді адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі Арсен Жақыпов.

 

Адам құқықтары бұзылуы жөніндегі өтініштер түзеу мекемелеріндегі сотталушыларға қысым көрсетілуіне қатысты, олардың туыстарынан жиі келіп түседі екен. Солардың бірі бойынша өкілеттік жүргізген тексеріс нәтижелі аяқталды. Мамандар оқиға орнына барып, камераларға мониторинг жасаған.

 

- Қызметкер сотталушының бетінен итеріп, бетіне зақым келген екен. Біз жәбірленуші азаматпен кездесіп, қай уақытта, не болғанын анықтадық. Бақылау камераларын қарап шығып, факт расталды. Нәтижесінде қылмыстық атқару жүйесі департаментіне материалдар жіберіліп, ол жерде қызметтік тексеріліс жүргізіліп, соттулышыны итерген лауазымды қызметкердің шені төмендетіліп, мекеме басшысына ескерту шығарылды,-деп жеткізді адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі Арсен Жақыпов.

 

Бұдан бөлек, медицина мекемелеріне қатысты өтініштер де жоқ емес. Солардың қатарында науқастарды орналастыратын бөлмелердің талаптарға сай болмауы сынды хабарламалар бар көрінеді. Бұл ретте, аймақтық өкілеттікте адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының бұзылуы туралы өтініштер мен шағымдарды қабылдауға дайын екендігін жеткізді.