• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы жас көшеттердің саны кесілген ағаштармен сәйкес келмейді

Павлодардағы жас көшеттердің саны кесілген ағаштармен сәйкес келмейді

Павлодарлық экологтер кесілген ағаштардың орнына отырғызылған жасыл желекті таппай дал. Естеріңізге сала кетейін, кәсіпкер көшеттерді кесіп тастаған жағдайда табиғатқа келтірілген залалдың орнын толтыруы қажет. Алайда бұл үрдісті әзірге бақылау мүмкін болмай тұр.
Тұрғындар Усолка мөлтекауданындағы ағаштардың қурап қалғанын айтып, жыл сайын шағымданады. Коммуналшылар жасыл желекті тиісінше күтпейді дейді. Мұндай көріністі осында ғана емес қаланың басқа бөліктерінен де көруге болады. Мәселен ардагерлер саябағындағы жасыл көшеттер көпке бармады. Павлодарлықтар уақытында суармайды дейді.
- Павлодарда көшеттерді отырғызып, кейін күтпей тастап кеткен көшеттер қаншама. Неге қарамайды екен?, - дейді павлодар тұрғыны.
Павлодарлық экологтер ағаштардың жағдайын бағалау үшін әдістеме ойлап тапқан. Ол алты категориядан тұрады. Дені сау өсімдіктен бастап қурағанға дейін. Алайда талдау жүргізу кезінде мамандар күтпеген мәселемен кездескен олар кесілген желектің орнына отырғызылған ағашты таппай дал.
- Үш орыннан біз ештеме таппадық. Біреу қалада, екіншісі Химқалашықтағы айналма жол ауданында болды. Біз ол жерден ағаштарды табуға тырыстық, кейін 5 көшет таптық. Ал олар 20 болуы керек еді. Біз оларды қарап жатқанымызда ер адам жақындап сіздер біздің ағаштарды санап жатырсыздар ма деп сұрады. Оны тұрғындар отырғызған болып шықты. Біз әзірге жұмысты тоқтаттық, - дейді «ЭКОМ» АҚ төрайымы Светлана Могилюк .
Павлодарлық экологтер кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймағындағы көшеттердің жерсінуі екіталай дейді. Ал қаладағы кесілген ағаштардың орнына отырғызылған жасыл желектің жағдайын бақылау мүмкін емес, олардың орналасқан аумағы нақты көрсетілмеген.