Павлодардағы жасыл желектерді 3 мердігер суарады
Саябақтар және жол бойындағы ағаштарды суару жұмыстары сәуір айының ортасында басталды. Күнделікті таңғы сағат 6-дан кешке дейін қаланың түрлі аудандарында бұл жұмыстар жүргізіледі. Коммуналшылар кейбір жасыл желектердің қурау себебін түсіндірді.
- Қалалық мәслихат депутаттарымен бірігіп, қала бойынша суару жұмыстарының сапасын тексереміз. Бақылау кезінде қурап қалған ағаштарды кездестіреміз. Экологиялық мекемелердің мамандары тексеріс жүргізеді. Көбінесе қылқан жапырақты ағаштар сырқаттанған. Бұл суару жұмыстарына байланысты емес, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Арман Құсайынов.
Биыл жасыл желектердің күтіміне 80 миллион теңге бөлінді. Сомаға суарумен қатар, көшеттерді дайындау, қырқу және шөптерді шабу жұмыстары кіреді. Биыл Павлодар қаласындағы ағаштарға су құюмен 3 мердігерлік ұйым айналысады.
