• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы жасыл желектерді суару үшін бюджеттен 641 миллион теңге бөлінді

Павлодардағы жасыл желектерді суару үшін бюджеттен 641 миллион теңге бөлінді

Бүгінде бітімгерлер саябағындағы жасыл желектер суарылды. Коммуналшылар аталмыш жұмыстардың жиілігі ұлғайып, арнайы көліктердің саны да артқанын жеткізді.

 

- Машиналардың саны көбейтілді. Өткен жылы 6 машина болса, биыл 12 автокөлік жұмыс істейтін болады. Жалпы инвентаризацияның нәтижесі бойынша қаламызда 97 мың ағаш бар екен. Соның 12 мың данасы бүгінгі күні суаруға тиісті. Сол жұмыстарды атқарып жатырмыз. Өткен жылмен қарасақ, суарудың жиілігі бірнеше есе артқан болатын. Екі айдың ішінде айына екі рет суарсақ, биыл 2-ден 5-ке дейін ұзартылып, аптасына екі рет суарылатын болады,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Арслан Қалияқпаров.

 

Павлодардағы жасыл желектертің күтіміне биыл 641 миллион теңге бөлінді. Бұл соммаға ағаштарды суару, қалпына келтіру және жаңаларын отырғызу кіреді.

 

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа