• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы жасыл қордың күтіміне биыл 120 миллион теңге бөлінді

Павлодардағы жасыл қордың күтіміне биыл 120 миллион теңге бөлінді

Қаламыздың Жеңіс саябағы, Даңқ алаңы, Мәшһүр Жүсіп көшесінің бойында және Қаныш Қамзин монументінің маңында гүлдерді отырғызу жұмыстары жүріп жатыр. Бүгінде мердігерлік ұйым  бригадасы Торайғыров – Назарбаев қиылысындағы гүлзарларды ретке келтіруде.

 

- Ол жердегі гүлдерді дәл қазір күтіп баптау, суару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қаланың басқа аумақтарында қазіргі уақытта гүлді отырғызатын жерді дайындау жұмыстары басталды, - деді мердігер Мұрат Байжанов.

 

 

Айта кетсек, биыл Павлодарда көп жыл гүлдейтін өсімдіктерді отырғызу жоспарлануда. Мердігер олардың күтіміне ерекше көңіл бөлінеді деп сендірді. Күнделікті суару жұмыстары қолға алынбақ.

 

- Жер дайындау жұмыстары аяқталуға жақын. Кейін бірден гүлдерді отырғыза бастайды. 10-ға жуық сұрып бар. Бұл петунья, ценерарий, декаротивті кохья қырықабаты, раушан сынды. Суару жұмыстары күнделікті жүргізіледі, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Арман Құсайынов.

 

Биылғы жоспар бойынша шаһарымыздың 14 мың шаршы метрі көріктендіріледі. Гүлдерді отырғызу науқаны маусым айының ортасына дейін жалғасады. Кейін арамшөптерді жұлу және суарумен айналысады. Жұмыстар күздің соңғы айларында тоқтайды.