• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы жаттығу құралдары мен спорт алаңдарын жөндеу қанша тұрады?

Павлодардағы жаттығу құралдары мен спорт алаңдарын жөндеу қанша тұрады?

Бүгін Естай, 134 мекенжайында орналасқан футбол алаңын қалпына келтіруді бастаған. Жоспар бойынша қақпаны сырлау, торларды ретке келтіру, жабынды желімдеу және айналасын тазалау жұмыстары жасалмақ.

 

- Сонымен қатар біздің теңгерімде жаттығу құрылғылары да бар. Олар да биыл жөнделетін болады. Өткен жылы 35 аулада жаңа құрылғылар пайда болды. Қазіргі уақытта, олар жақсы жағдайда. Алаңдар бойынша шағымдар 109 колл орталығы арқылы қабылданады, - дейді Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының м.а. Әсет Әбілтаев.

 

Айта кетсек, спорт бөлімінің теңгерімінде жалпы 155 спорт алаңы бар. Олардың ішінде 23 шағын футбол және 9 стритбол ойнауға арналған. Жөндеу жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Бүгінге дейін 20 алаңды ретке келтіріп үлгерді. Бұған жергілікті бюджеттен 8 миллион теңге бөлінді.