• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы жаңа көпқабатты үй тұрғындары пәтерлерінде ақау бар екенін дәлелдеді

Павлодардағы жаңа көпқабатты үй тұрғындары пәтерлерінде ақау бар екенін дәлелдеді

 

 

Қоныс аударғандар көп уақыт бойы құрылыс олқылықтарын ретке келтіруді сұраған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Ак. Шөкин көшесіндегі №154/3-үй туралы бейнематериал ақпан айында экраннан көрсетілді. Ол кезде әлеуметтік осал топқа жататын адамдар құрылыстан кейін қалған олқылықтарды көрсетті. Барлығы бір ауыздан шенеуніктерден мәселеге назар аударуды сұрады.

 

- Пәтер кілттерін тағатсыздана күттік. Нәтижесінде берген баспанамыз олқылықтарға толы. Терезеде мұз қатып, ол буланып отырады. Еден бойынша да мәселе бар. Осының барлығын енді кім жояды?,-деп шағым жеткізді Ак. Шөкин көшесіндегі №154/3-үйдің тұрғыны Ксения Герман.

 

-Біз барлық инстанцияларға хабарластық. Төбеден су ағады. Бірнеше күн бойы оның көлемі артып келеді. Ешкім назар аударғысы келмейді. Комиссия құрып, барлығын өз көздерімен көрсе екен. Бұл үйде қалай қолданысқа берді?,-деді Ак. Шөкин көшесіндегі №154/3-үйдің өзге тұрғыны Николай Герман.

 

«Ирбис» редакциясы тарапынан жіберілген ресми сауалға шенеуніктер жуырда жазбаша жауап берді. Айтуларынша, бұл үйдің кепілдік мерзімі 7 жылды құрайды. Сол себепті олқылықтарды жоюға әлі де уақыт бар.

 

- Тұрғындардан келіп түскен барлық ескертулерге «Монтаж» мердігерлік ұйымы жауап беруде. Барлығы кезек бойынша және кепілдік міндеттемеге сай олқылықтар жойылуда. Егер де мердігерлік ұйым ақауды жоюға асықпаса, онда құрылысқа тапсырыс беруші сотқа жүгіне алады,-делінген қала әкімдігінің ресми хабарламасында.

 

Айта кетсек, наурыздың екісі күні шенеуніктер аталмыш мекенжайға комиссиялық тексеріспен барды. Шара барысында барлық олқылықтар назарға алынды. Алдағы уақытта, оларды ретке келтіре бастайды.