• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы жеке сектордың 9 көшесінде жаңа асфальт пайда болады

Павлодардағы жеке сектордың 9 көшесінде жаңа асфальт пайда болады

Дачный мөлтек ауданының тұрғындары жаңа жолды көптен күтуде. 2023-ші жылы коммуналшылардың техникасын Қамзин көшесінен Назарбаев даңғылы аралығында кездестіруге болатын еді. Енді биыл Қамзин – Ворушинді бастайды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

«Биыл саяжай яғни дачный шағын ауданында 9 көшеде асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Айта кету керек, бұл көшелерде бұрын-сонды асфальт жабыны болмаған еді. 2023 жылы аталған көшелерде кәріз жүйесі құрылысы жүргізілді. Енді биыл құм жолдардың орташа жөндеуі аясында осы көшелерге асфальт төселетін болады, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Оразбек Саяхат.

2024-ші жылы жеке сектордың 9 көшесін асфальттайды. Бұл Волочаевская, Азовская, Онежская, Ладожская Қамзиннен Ворушинге дейін, Ворушин - Қаз. Правдадан Ладожскаяға дейін, сонымен қатар, Новосібір, Шамкенов, Тульская және Томская көшелері. Жұмыстардың басталу мерзімі жайлы әкімдікте нақтыламады.

Айтмұхамбет Айғожа