Павлодардағы жеке секторларды су басты

Соңғы екі апта бойы адамдар жертөледегі сумен күресуде. Оның деңгейі бір метрден асқан. Тұрғындар мәселені жақындағы құдықтардың бірінен орын алған апатпен байланыстыруда.

- Кеше аталмыш жасанды бөгеттен су келіп жатқанын байқадық. Ворушин көшесіндегі үйлердің жертөлесін толықтай су басқан. Томскаяға біртіндеп келуде. Мен ТҮКШ бөліміне , «Водоканалға» хабарластым. Ешкім нақты не болып жатқанын білмейді. Алпауыт өкілдері біз суды уақытша өшіріп тастадық деді. Суды шығарып бермейміз. Тек мәселені реттейтіндерін айтты, - дейді Томская көшесіндегі №2-үйдің тұрғыны Галина Измаилова.

Жалпы саны 25-ке жуық баспананың жертөлесін су басқан. Редакция тарапынан қала әкімдігіне сұраным жіберілді. Мәселе нақты қайдан пайда болғанын білу үшін әзірге күтуге тура келеді.