Павлодардағы жекеменшік сектор тұрғындары қар шығару мәселесін көтерді
Адамдардың айтуынша, кейбір аудандарда биыл үйінділерді жинау шарасы орындалмаған. Сол себепті коммуналшылардан бұл мәселеге назар аударуды сұрайды.
-
Өткен жылы бірнеше рет күреп таңғалдырған. Осы жылы қар аз, бірақ күреу керек,себебі көктем келе жатыр, - дейді қала тұрғыны.
Ал қала әкімдігінде облыс орталығындағы жеке сектордан қар шығару жұмыстары енді басталғаны туралы хабарлады. Күнделікті шығатын техника және адамдардың санын айтты.
- Күнделікті қала көшелерін қардан тазалауға техниканың 85 бірлігі, оның ішінде 25 тиегіш және 60 жүк көлігі. Жаяужолдарды, аялдама павильондарын тазалауға 200-ге жуық адам жұмылдырылады. Қазіргі уақытта, облыс орталығындағы жеке сектордан қар шығару жұмыстары басталды, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.
Бүгінде екінші Павлодар ауданынан үйінділерді әкету басталды. Бұл жұмыстар Мәскеуден Қарағанды көшесіне дейін жүргізіледі. Қыс маусымы басталғалы полигонға 385 мың тонна қар шығарылды.
Авторы: Айтмұхамбет Айқожа