• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы қарттар үйіндегі анонимді шағымның кейбір тұстары расталды

Павлодардағы қарттар үйіндегі анонимді шағымның кейбір тұстары расталды

Қарттар үйін қазір 228 адам мекендеуде. 180-нен астам қызметкер бар. Мониторингілік топ анонимді шағымда жазылған әрбір пунктті тексерді. Бірінші кезекте сауалнама жүргізген.

 

- Мониторингілік топпен қызмет алушылар мен персонал арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Оның нәтижесінде қызметкерлерден әсіресе басшы тарапынан ешқандай дөрекілік фактілері анықталмады, - дейді Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Камалова.

 

Қызметкерлерден айыппұл төлеуге ақша жинау фактісі анықталды. Алайда тексерушілердің айтуынша олар өз әрекетінің салдарынан салынған. Жәндіктердің де бары расталды. Бірақ мәселе мердігерде болып шықты. Жұмысында нәтиже болмағандықтан одан шілдеде бас тартуға тура келген. Қазір басқасын іздеуде. Лауазымына биыл тағайындалған қарттар үйінің басшысы шағымдар өзін жақтырмаудан пайда болуы мүмкін дейді. Мысалы қызмет көрсетуші персоналдың үйлеріне азық-түлік таситынын білген. Қазір мәселенің шешімін іздестіруде.

 

- Қазір біз асхана қызметкерлері шығатын және медбикелер отыратын орындарға камера орнатуды жоспарлап отырамыз. Бұл бұзушылық болдыру қаупі бар орындар, - дейді Павлодар облыстық қарттар үйінің басшысы Марина Стрелковская.

 

Марина Стрелковская түзете бастаған жұмысында олқылықтарды байқап, персоналдан түзетуін талап еткен. Сондықтан кейбіреуі оны жақтырмаған болуы керек дейді. Айта кететіні мониторингілік топ орталық басшысына жиындардың ұзақтығына байланысты да кеңес берді. Кестені өзгертіп кездесулерді отыз минутқа қысқартты.