Павлодардағы қазба жұмыстары қашан аяқталады?

Катаев, Естай, Қамзин, Мәшһүр Жүсіп және тағы да басқа көшелерде қоршалған шұңқырлардың саны жетерлік. Әрбір телімде жөндеу мерзімінің ұзару себебі әртүрлі. Аталмыш мекенжайлардағы тұрғындар жаз бойы қайнақсыз отырып, күзге дейін ыстық суды күткен. Енді батареялардың жылынғанын тосуға мәжбүр. Бүгінде 950 көпқабаттыда жылу бар. Мәселен, Иванов көшесіндегі №49/1-үйге ысырмаларды ашуға рұқсат берді. Батареялар тек бірнеше сағатқа жылынды. Тұрғындардың айтуынша қысым аса төмен.

 

Ал мұндай көпқабаттылардың нақты саны әзірге белгісіз. Қазылған жерлердің кейбіреуі жылыту маусымына байланысты емес. Мәшһүр Жүсіп көшесінде салқын суға жаңа құбыр тартылуда. Елгинде жеке желінің құрылысы жалғасуда.

 

- Қазылмаған жер де қалмаған сияқты өзі. Қамзин көшесін жаз бойы қазды, - дейді қалалықтардың бірі.

 

Едіге би көшесінде биыл жаңа жылу магистралінің құрылысы жүргізілді. Алайда, жұмыстар әлі күнге дейін аяқталмады. Шаһар басшысы апта соңында тапсырамыз деді. Қала әкімі өз парақшасында 1-ші қазанға дейін жылусыз көп дегенде 6-7 үй болады деді. Олардың барлығы мәселелі көпқабаттылардың санатына жататындар. 

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.