• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы қоғамдық көліктерге сараланған тариф енгізіледі

Павлодардағы қоғамдық көліктерге сараланған тариф енгізіледі

2022-ші жылдан бастап 21 бағытты субсидиялау жоспарлануда. Әлеуметтік осал топтарды тасымалдаумен айналысатындарға мемлекет тарапынан үстемақы төленеді.

-Бұл бұрын-соңды болмаған. Қаладағы 33 бағыттың 21-і әлеуметтік маңызды деп танылды. Аталмыш шара оларға субсидиялау мүмкіндігін береді. Екіншіден қаншама операторлардың арасынан біз 2 оператор таңдап алғанымыз жетістік, - дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Арслан Қалияқбаров.

Бүгінде парктегі жүргізушілердің көбісі автобусты жалдайды. Карантин салдарынан бұл іспен айналысам деушілердің саны азайған. Жаңашылдық сәтті іске қосылса, оларға тұрақты жалақы төленіп, көлік шығындарын парк өзіне алады. Бұл салаға келесі жылы шамамен 3 миллиард теңге бөлінді. Бірақ, кімге нақты қанша төлеу керектігін анықтау үшін электронды билеттеу жүйесін іске қосу қажет екен. Сәйкесінше болашақта автобустарды біртіндеп жаңарту мүмкіндігі пайда болады.

- Әр келісімшартта ТҮКШ бөлімі тасымалдаушымен келісімшарт жасаған кезде 2 жылдан кейін ол тасымалдаушы міндетті түрде өзінің қозғалмалы мүлкін жаңарту керек. Бірақ, бүгінгі күні ол келісімшарттардың негізгі талабы орындалмай отыр. Жаңадан автобус сатып алынбаған. Соңғы сатып алынған автобустар №1-ші автобус паркіне 30 автобус алыныпты, - дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы.

Естеріңізге салсақ, сараланған тариф бойынша арнайы карта арқылы жолақы 80 теңге болады. Қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда 150 теңге жұмсауға тура келеді.