• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы қураған ағаштарды кесуге 60 миллион теңге жұмсалады

Павлодардағы қураған ағаштарды кесуге 60 миллион теңге жұмсалады

Ағымдағы жылы ағаштардың санитарлық тазалығына 60 миллион теңге жұмсалмақ. Павлодар қаласы үш секторға бөлініп, әрбіреуіне жеке мердігер жауапты болады. Коммуналшылар көктемде дәстүрлі орындалатын жұмыстарды Қайырбаев, 74 мекенжайынан бастауды шешті. Жергілікті тұрғындар бұтақтарды кесу бойынша өтініш қалдырған.

 

- Тұрғындар ағаштардың санитарлық тазалығын орындау бойынша тікелей ТҮКШ бөліміне 32-04-66 немесе 109-колл орталығы арқылы өтініш қалдыра алады. Оларға кезек арқылы барып отырамыз. Қала бойынша 3 мердігерлік ұйым жұмыс істейді, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Арман Құсайынов.

 

ТҮКШ бөліміне жыл басынан 200-ге жуық өтініш түскен. Коммуналшылардың мердігерлік ұйымы әрбір аулаға кезекпен барады. Биыл жоспар бойынша 7 мың ағашты өңдемек. Жұмыстар күзге дейін жалғасады.