• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы әйелдерге арналған орталық жаңа ғимаратқа көшті

Павлодардағы әйелдерге арналған орталық жаңа ғимаратқа көшті

 Ирина 4 жастағы баласымен осы орталықты паналап отыр. Бұған дейін баспанасы болмағандықтан Черноярка ауылында қарт әйелдің күтушісі ретінде тегін жұмыс істеп, соның үйінде тұрған. Ол көз жұмған соң үйсіз, құжатсыз қиын жағдайда қалды.

 

- Менің не ақшам жоқ, не құжаттарым дұрыс емес. Қайда баратынымды білмедім. Бұл орталық маған жұмыс табуға, құжаттарымды жинауға көмектесіп жатыр. Ұлымды енді балабақшаға орналастыра аламын, - деді Ирина Ларионова.

 

Айта кету керек, әйелдерге арналған бейімдеу орталығы жаңа ғимаратқа көшті. Бұған дейін ол Қамзин көшесінде болған еді. Енді мұнда ана мен бала үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті әйелдер баланы осындағы балабақшада қалдырып жұмысқа шыға алады.

 

- Бұл ғимаратта біз 53 адамға дейін қабылдай аламыз. Ескі ғимарат бізде өте тар болатын. Осылайша қиын жағдайда қалған әйелдерге барынша қолдау танытамыз. Бұл ондаған жыл бойы күткен жаңалық. Біздің келушілерімізге де қиындықтарды тез еңсеріп, ес жинауға мүмкіндік берері сөзсіз, - деді Павлодар қаласы балалы әйелдерге арналған әлеуметтік-психологиялық бейімдеу орталығының басшысы Марина Стрелковская.

 

Сондай-ақ қазіргі жаңа ғимаратта кір жуатын орын, ыдыс жууға арналған машина, ас дайындайтын түрлі жабдықтар да сатып алынған. Ал Қамзин, 20 мекенжайында орналасқан ескі ғимарат та бұрынғысынша әйелдерге әлеуметтік-психологиялық, сонымен құқықтық мәселелер бойынша көмек көрсетуін жалғастырады.