• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы №49 санаторлық сәбилер бақшасында өздері құрастырған балаларға арналған конституция бар

Павлодардағы №49 санаторлық сәбилер бақшасында өздері құрастырған балаларға арналған конституция бар

№49 санаторлық сәбилер бақшасында балалар жастарына қарамастан өз құқықтарын жақсы біледі. Себебі олар жыл сайын конституцияға өзгерістер енгізіп, талқыға салады. Бұл балалар жеке тұлға болып қалыптасуға тәрбиелейді. Бүгін ұйымдастырылған дөңгелек үстел барысында патриотизмнен бастап барлық негізгі бағыттар сөз болды.

- Бүгін 4 блок бойынша жобалар қорғалады. Бұл экология, этномәдениет, денсаулық пен білім беру. Балалар қорғап, біздің конституцияға өзгерістер енгізетін болады. Ақылды, тәрбиелі, білімді бала болу үшін не істеу керек деген сұраққа жауап береді, - деді Павлодар қаласы №49 санаторлық сәбилер бақшасының басшысы Жанат Смагулова.

Бүгін бұл жобаларды қорғауға онлайн режимде ата-аналар, қоғамдық бірлестік мүшелері, тәрбиешілер қатысты. Шара соңында белсенді балақайлар марапат пен тәтті сыйлықтарға ие болды.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова