• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардағы №55-бағыттағы автобустар неге өте сирек жүреді?

Павлодардағы №55-бағыттағы автобустар неге өте сирек жүреді?

Маргарита Анатольевна және оның әріптестері үшін таңертең жұмысқа жету нағыз сынаққа айналған. Мәселе бір ай бұрын пайда болды. Екінші Павлодар ауданынан Лесная көшесіне дейін тек №55-ші автобус жүреді.

 

- Мен екінші Павлодар ауданында тұрамын. Жұмыс орным Лесная көшесінде орналасқан. Осы аралықта тек 55-ші автобус жүреді. Соңғы айда оны аялдама күтіп шаршадық. Келгеннің өзінде ол үнемі толы, бізге тоқтамай өтеді. Бұл жақта көптеген адамдар жұмыс істейді. Бірнеше қоғамдық көлікті ауыстырып, жұмыстан қалуға мәжбүрміз, - дейді Маргарита Стрижакова.

 

- Біз көлік жүргізушілеріне шағымдарымызды айтамыз. Бірақ олар бұл біздің кінәміз емес дейді. Күнделікті бағытқа 2 ғана автобус шығады. Бүгін мен жұмысқа жету үшін Сұрағанов көшесіне дейін жаяу жүріп, №2-шіге отырдым. Такси болса, осы жаққа дейін 1000 теңгеден аса алады, - деп ренжіді Татьяна Качубейева.

 

Қоғамдық көліктерді онлайн бақылау қосымшасында желіде екі автобус жүргенін көруге болады. Қалалық әкімдікте мәселе бар екенін мойындады. Оны автобус жүргізушілерінің тапшылығымен байланыстырып отыр.

 

- Қазіргі  уақытта, «Павлодар қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жылжымалы құрамның маршрутқа 100 пайыз шығуын қамтамасыз ету қажеттілігі туралы, атап айтқанда жоспарға сәйкес автобустар санын арттыру және жүру аралығын азайту туралы «Жолаушылар көлігі альянсы» ЖШС-не хабарлама жіберілд, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Әкімдікте мәлімдегендей, осы күндері желіде 20 минут аралықпен 5-6 автобус шығады. Жоспар бойынша 12 бірлік болуы қажет. Қалғандары жүргізушілердің жетіспеу себебіне байланысты бағытта жоқ. Мәселеге қатысты коммуналшылар жауапты мердігерге хат жолдады.