Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодардың ондаған тұрғыны жиһазға тапсырып беріп, ала алмай қалған

Қоғам

118
Енді не ақша не тауар жоқ. Қазір алаяқ сатушыға тіпті қоңырау шалу мүмкін емес. Жапа шегушілер құқық қорғау органдарына жүгінді.

Мадина Жұматаева жақында ғана қоныс тойын тойлаған. Ең бірінші үйге жаңа жиһаз алуды шешіпті. Балаларына екі кереует, шкаф және партаға тапсырыс береді. Екі жүз мың теңге алдын ала төлем жасамас бұрын цехқа кіріп, көріп шыққан. Алайда әйелге бір айт өтсе де жиһазын әкелмепті. Кәсіпкер күнде ертеңмен алдап келеді дейді.

- Қазір өзіме жиһаз ала алмаймын. Себебі мында мен алдын ала төлем жасап қойдым. Не ақша, не тауар жоқ. Енді жиһаз алу үшін несие рәсімдеуге тура келеді, - дейді Мадина Жұматаева.

Мадинамен бірге қырыққа жуық адам полицияға жүгінген. Адамдар жеті жүз мың теңгеге дейін алдын ала төлем жасаған. Бірнеше ай бойы күтіп жүргендер бар. Айта кету керек, инстграмда жиһаз сатушының парақшасы да бар, суреттер де көп. Алайда мұнда көрсетілген нөмірге қоңырау шалу мүмкін емес, тұтқаны алмайды. Полицияда күдіктіні тапқандарын айтты.

- Аталмыш дерекке қатысты ҚР ҚҚ 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір аталмыш күдіктіден жапа шеккен 22 адам полицияға жүгінді. Тергеу жалғасуда, - деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің басшысы Жанна Белялова.

Ер адам жиһазбен айналысқанына көп жыл болғанын айтқан. Тек осы жолы көп тапсырыс алып қойып, ақша жағынан қиналып кеткен.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()