Павлодардың орталық жағалауында электр самокаттарға бірқатар тыйым салынбақ
Енді мереке мен демалыс күндері орталық жағалаудың үстіңгі жақтарында электрсамокаттармен жүруге тыйым салынады деп хабарлайды irbistv.kz.
Ертіс жағалауының Естай көшесіндегі еңісінен бастап Лермонтов көшесіндегі бөлігіне дейінгі аралық қала тұрғындары мен қонақтарының ұнататын орыны. Бұл бөлікте жаяу серуендеушілермен қатар велосипед, электр самокат тебетіндер жолағы орналасқан. Алайда көп жағдайда ол адам көп шоғырланған кезде түрлі қиындықтарға тап боламыз деп шағымданған еді қалалықтар.
Полицияда облыстық мәслихат отырысында қалалықтардың шағымы туралы талқыланғанын жеткізді. Нәтижесінде самокатпен жабдықтаушы негізгі компаниямен келісімге қол жеткізген. Доңғалақты көлікпен тек арнайы белгісі бар ең төменгі яруста жүруге болады. Ал еңістерде тыйым салу белгілері пайда болған.
-Каршерингілік фирмамен бұқаралық шаралар өтетін, яғни мереке және демалыс күндері жағалауда электросамокаттар үшін қызыл аймақ енгізіледі. Бұл дегеніміз олардың электросамокаттарымен жүре алмайсыз, жүйе оны қашықтықтан автоматты түрде бұғаттап тастайды. Бұл келісім қазірден күшіне енді, - деп хабарлады Павлодар қаласы ПБ ЖПҚ басшысының орынбасары Абылайхан Алпысбай.
Ал жол қозғалысы ережесін бұзғандарға 4 АЕК айыппұл салынады. Бұл 11796 теңге. Балаларға ескерту жасалса, ересектерге бірден әкімшілік жаза қарастырылған.
Бибінұр Хамитқызы
