• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың супермаркеттеріне бет бейнені анықтайтын камералар орнатады

Павлодардың супермаркеттеріне бет бейнені анықтайтын камералар орнатады

 

 

 

Кез келген дүкеннің сауда залында ондаған камера орнатылған. Олар сатып алушылармен қатар тауардың сақталуын қадағалаумен қатар қауіпсіздік үшін қажет. Енді қатарына бет бейнені анықтайтын арнайы құрылғылар қосылды. Мұндай түсірілім әзірге тек екі супермаркет желісінде бар.

 

-Егер аталмыш тұлға құқық бұзуға жақын адам ретінде бізде мәліметтер базасында болса ол адам тағы да қылмыс жасамауы үшін қауіпсіздік қызметінің бақылауына алынады,-деп жеткізді Павлодар қаласы ПБ басшысының бірінші орынбасары Арман Қаптаев.

 

Полицейлер супермаркеттердің мәліметтер базасына тек Павлодар облысының тұрғындары туралы ақпаратты ұсынады. Тізімде ұрлыққа жақын 150-ден астам, алимент төлемей жүрген 50, іздеуде жүрген 90 адам бар. Оны ай сайын жаңартып отырмақ.