Павлодарды дамытуға облыстық бюджеттен қосымша 13,8 миллиард теңге бөлінді
Биыл дәстүрлі сенбіліктер жаңа форматта өтеді. Коммуналшылар Павлодар аумағының картасын әзірлеп, қала шартты түрде 8 ауданға бөлінеді. Әр телімдерге жауапты адамдар бекітілді. Олардың басты міндеті сенбілікке шақыру хабарламаларын шағын және орта бизнеске тарату. Бүгін өңірлік бизнес палатасында шаһар басшысымен кездесу өтті. Жиын барысында Асайын Байханов биылғы шараның басқа да жаңашылдықтармен бөлісті.
-
Арнайы техникамен қамтамасыз ету, полигонға құрылыс қалдықтарынан басқа қоқысты тегін қабылдаймыз. Біз тазалық айы мен осы марафонды өткізуге мемлекеттік қызметкерлер мен мұғалімдерді тарту тәжірбиесінен бас тарттық. Биыл сенбілік жаңа форматта өтеді. Қазір негізгі тазалық іс-шараларын қаланың қоғам қайраткерлері, спортшылар, бизнесмендердің физикалық ресурстары есебінен өтуде,- дейді Павлодар қаласының әкімі Асайын Байханов.
Айта кетсек, биыл Павлодарды дамытуға облыстық бюджеттен қосымша 13,8 миллиард теңге бөлінді
Авторы:Айтмұхамбет Айғожа