Павлодардың 12 көшесі күрделі жөндеуден өтеді

Жоспар бойынша 12 көшенің асфальт жабыны толық жаңартылып, жиектастар ауыстырылады. Тізімде Ломов, Катаев, Нұрмағамбетов, Шөкин, Сәтпаев, Естай, Ткачев, Торайғыров, Бұқар Жырау, Бекхожин және Мәшһүр Жүсіп бар. Жалпы ұзындығы 24 шақырымды құрайтын телімде жұмыстар орындалады. Жөндеу кезінде көлік кептелісі болатыны сөзсіз. Қоғамдық көліктердің қозғалысы да өзгеріске ұшырайды. Айта кетсек, өткен жылы асфальт төсеу мерзімі кешіктірілген болатын. Мәселен, Астана көшесін қар жауғанда жөндеген.

 

-Өкінішке орай, өткен жылы сондай жағдай болған. Шұңқырларды жабу жұмыстары мамырда тіпті маусым айында өткен. Астана көшесін де күздің соңында жөндеген. Мұның барлығы қаражат уақытында түспегенімен байланысты. Биыл біз конкурстық шараларды желтоқсан айында бастадық. Наурыз айында шұңқыр жабу жұмыстарына кірістік,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Арслан Қалияқбаров.

 

Коммуналшылар биыл көшелерді күрделі жөндеу кезінде жолдағы құдық қақпақтарына назар аударатын болады. Олардың деңгейі бірдей, жан-жағы берік болуы қажет.

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа