Павлодардың 486 көпқабаттысына ыстық су берілді

Сынақтардың қорытындысы бойынша Павлодардың солтүстігінде 72 ақау анықталып, бүгінге дейін олардың 43-і жойылды. Аталмыш аудандағы барлық жұмыстарды 15-ші мамырға дейін аяқтау жоспарлануда. Ал №1 жылу энерго орталығының желілерінен 135 апат тіркелді.

 

  • Қазіргі уақытта орамішілік аумақта анықталған олқылықтарды жоюмен 17 бригада айналысуда. Бүгінде олардың санын артырудамыз. Оңтүстіктегі барлық жұмыстарды 30-шы мамырға дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. «ТМ-31» құрылысына байланысты 20-шы маусымға дейін Естай және Абай көшелеріндегі көпқабаттыларда қайнақ болмайды,- Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Әнуарбек Аманов.

 

Бұдан бөлек, алпауыттың жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты 61 үйге ыстық су беру тоқтатылады. Бүгінде 486 көпқабаттыда мәселе жоқ, тағы 181-і бойынша жүйені толтыру шарасы орындалуда. Басқа мерзімдер әкімдіктің әлеуметтік желісінде жарияланған.

 

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа