Павлодардың 700-ден аса көпқабаттысына ыстық су берілді

Мир көшесіндегі №30 және 32-үйдің тұрғындары редакциямызға қайнақ мәселесі бойынша шағымданды. Адамдар бір айға жуық күнделікті шүмектен ыстық су ағатынын күтуде. Беру мерзімі бірнеше рет шегерілгенін айтуда.

 

  • Кесте бойынша 10-шы мамырда беруі тиіс болған. Сосын біз әкімдікке хабарласып, мерзімді 15-іне дейін шегерді. Бүгін 18-і. Үйіміздің маңайында ешқандай қазба жұмыстары жүргізіліп жатқандығын байқамадық. Осылай бір айға жуық ыстық сусыз отырмыз,- дейді Мир көшесіндегі №32-үйдің тұрғыны Галина Русанова.

 

  • Бізге зейнеткер ретінде салқын сумен жуыну қиынға соғады. Ыдыс жуған жағдайда қолымыз ауырып жатады. Бізге қайнақ беруді сұраймыз. Бұл біздің үлкен талабымыз,- дейді Мир көшесіндегі №32-үйдің тұрғыны Камиләш Нұрсейітова.

 

Аталмыш мекенжай орамішілік желідегі апатқа байланысты қайнақсыз қалған. Бүгінде олқылықты жою мерзімі 25-ші мамырға дейін шегерілді. Сол себепті адамдарға күтуге тура келеді. Бұдан бөлек, қаланың оңтүстік бөлігіне жауапты №1 жылу энерго орталығы құрал-жабдықтарды жөндеуіне байланысты тоқтады. Ол 1-ші маусымға дейін жоспарланған.

 

- Гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша анықталған ақаулардың көп болудың басты себебі бұл - желілердің жоғары тозу көрсеткіші. Бүгінде орамішілік 85 пайызды құраса, магистральді 87-ге дейін жетті. Қазір барлық олқылықтар жойылуда. Бұдан бөлек, қаланың оңтүстік бөлігі қайнақсыз қалды. Себебі, №1 жылу энерго орталығы құралдарын жөндеуіне байланысты тоқтады,- дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекші маманы Роман Гончаренко.

 

Бүгінде 700-ден аса көпқабаттыға ыстық су берілді. Олардың 463-і солтүстікте орналасса, 244 оңтүстікте. Қайнақ бойынша қосымша ақпарат алпауыттың ресми сайтында жарияланған.

 

 

Авторы:Айтмұхамбет Айғожа