• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың басты көшелерінің бірінде асфальтті жаңарту жұмыстары жалғасуда

Павлодардың басты көшелерінің бірінде асфальтті жаңарту жұмыстары жалғасуда

Бүгінде онда ескі асфальтты демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Естеріңізге салсақ, биыл Павлодардың бас көшелерінің бірі толықтай жөндеуден өтуі тиіс. Сол себепті №10, 18, 21, 22 және 27-ші қоғамдық көліктерінің жүру бағыты өзгерді.

 

- Аталмыш бағыттар Ак.Сәтпаев көшесімен оңтүстіктен солтүстікке қарай қозғалыс кезінде Лермонтов көшесіне оңға бұрылу жүзеге асырылады, содан кейін Бектұров көшесіне солға бұрылып, одан әрі Торайғыров көшесіне шығады. Әрі қарай тиісті бағыт бойынша жүреді. Кері бағытта дәл осылай жүретін болады, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Бұдан бөлек, Толстой көшесі Назарбаев даңғылынан Катаевқа дейінгі аралығы көліктер үшін жабылды. Автобустар көршілес көшелер арқылы қатынайды. Жабылған телімде алпауыт жөндеу жұмыстарын бастаған. Олардың аяқталу мерзімі тамыздың 18-не жоспарланған.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.