• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың дарынды балаларына әкім 100 мың теңгеге сертификат берді

Павлодардың дарынды балаларына әкім 100 мың теңгеге сертификат берді

Биыл қаламыздың құрама командасы  облыстық және республикалық пәндік олимпиададан 41 медалге ие болған. Оның 10-ы алтын, 8-і күміс және 24-і қола. Дарындылардың жүлдесі 21 жыл қатарынан «Үздік қалалық олимпиада командасы» атағын растауға септігін тигізді. 10-сынып оқушысы Камиля қазақ тілі және әдебиет пәнінен қатысып, қолаға ие болған. Оңай болмады, дегенмен соңғы жеңісім емес дейді.

 

- Жоспарым менің келесі жылы да олимпиадаларға қатысу, жүлделі орындар иегері атану, ғылыми жобаларға қатысып жүрмін. Ғылыми жобалардан республикалық турға өту. Және одан да жүлделі орын иегері болу. Және болашақ мамандығым таңдаған – журналист, - деді №37 жалпы білім беру мектебінің 10-сынып оқушысы Камиля Сұрымбетова.

 

Дарындылардың жетістігі алдымен ұстаздардың еңбегі. Бүгінгі салтанатты шараға оқушыларды дайындаған қаланың үздік 37 педагогы қатысты. Олардың бірі 29 жыл еңбек өтілі бар география пәнінің мұғалімі Әсия Камалиденқызы талай зияткерді дайындаған.

 

- Әрине олимпиадаға дайындық өте қиын және қызықты. Сондықтан оған жақсы дайындалу үшін көптеген әдебиеттерді оқып, бірталай тапсырмаларды орындау қажет. Оқу барысында біз көптеген мемлекеттердің оқулықтарын пайдаланамыз, - дейді №39 жалпы білім беру мектебінің география пәнінің мұғалімі Әсия Жұмабаева.

 

- Биыл осы пандемияға байланысты қалалық, облыстық және республикалық олимпиада онлайн форматында өткізілді. Енді оқушыларға қалай қиын болса да әр оқушы өзінің нәтижесін көрсете білді. Ең мықты деген оқушылар осындай жүлделі орындарға ие болды, - деп атап өтті «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының басшысы Ақмарал Мұхамеджанова.

 

Дарынды балалармен салтанатты кездесу барысында қала әкімі оқушыларға 100 мың теңге көлеміндегі ақшалай сертификат табыстап, жеткен жеңістерімен құттықтады.