• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың екі көпірінде толығымен жол жабынын ауыстырады

Павлодардың екі көпірінде толығымен жол жабынын ауыстырады

Павлодардағы Успен ауданы бағытындағы көпірдің қазіргі жағдайы мәз емес. Әсіресе үлкен жүк көліктерінің жүргізушілері үнемі наразылық білдіріп келген еді. Бұл өткелмен жүретін көлік ағыны аз емес. Сол себепті шенеуніктер дөндеуді шешкен.

 

-Қазіргі уақытта осы жол асфальттарының жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Асфальт бетон жатынын ауыстыру керек екенін көрдік. Сонымен қатар ағымдағы жылы барлық жол өткелдері айрықтарының қоршаулары ауыстырылатын болады,-деді Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысының басшысы Эльмира Темірғалиева.

 

Сонымен қатар Шарбақты көпірін де жөндейді. Оған бюджеттен 47 миллион теңге бөлген. Жаңа жабынды төсеу үшін, ескісін толық алып тастайды.Барлық жұмыс қанша уақыт алатыны белгісіз. Қазір жол жабық, ал көлік жүргізушілеріне уақытша қолайсыздыққа шыдауға тура келеді.