• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың кардиоорталығындағы инфекциялық госпитальдің жан сақтау бөлімі толық

Павлодардың кардиоорталығындағы инфекциялық госпитальдің жан сақтау бөлімі толық

Кардиоорталықтың ренимациясында 14 орын. Барлығы толық. Мұнда адамдарға өкпені жасанды желдету, экстракорпоральды жарғақтық оксигенация арқылы дем алуға көмектеседі. Жағдайлар әр түрлі болғанымен, бәрі ауыр. Ауру тез күшейіп, басым бөлігі адамның организміне байланысты. Эрна Федоровнаны бүгін кәдімгі палатаға ауыстыруда. Оны 22 шілде күні интенсивті терапия бөлімшесіне жатқызған.

 

- Мен үнемі қорғанып жүретінмін. Неге бұлай болғанын білмеймін. Сақтанғанды Құдай сақтайды дейді, сақтамады. Шілденің 11-нен бастап емделіп жатырмын. Мұндағы қыздарға көңілім толады. Жақсы жұмыс істейді. Өз істерін біледі, - деп ағынан жарылды Эрна Токарчук.

 

 

69 жасар зейнеткер екпе алмадым дейді. Қорыққан. Алайда аурып қалған соң, өзін қорғау керек екенін түсінген. Енді оны ұзақ қалпына келу күтіп тұр. Өкінішке орай ілеспелі ауруы бар пациенттер әрдайым КВИ-ді жеңе алмайды. Асқыну барлық ағзасына түседі. Алайда соңғы айда келушілер тек қарттар емес.

 

- Жастар бірінші толқынында да ауырды, бірақ бұлай қатты емес. Қазір штамм вирустан өкпе ауыр зақымдануда, мұнымен тіпті жас ағза да күресе алмайды. Сондықтан жан сақтауда респираторлық қолдауды қажет ететін жастар да бар. Олардың ауруы күрделі түрде өтуде. Бұл жастарда ілеспе ауруларының жоқтығына қарамастан, - дейді Павлодар облыстық кардиоорталығы жан сақтау және интенсивті терапия бөлімінің меңгерушісі Инна Гловацкая.

 

 Инфекциялық бөлімшелерде дәрігерлер мен мебикелер тәулік бойы жүреді. Бір жарым жылдың ішінде үйреніп қалған. Барынша шаршау үшін обаға қарсы костюмдер де жеткілікті екенін жасырмайды. Пациенттердің жағдайы сағат сайын өзгеруіне байланысты жаппай бақылауда ұстауға тура келеді. Айтуларынша БАҚ-та жарияланатын статистика жай ғана сандар емес, нақты адамдар. Және санның артуы қазір қатты байқала бастаған. Айта кететіні, өткен тәулікте Павлодар облысында КВИ-дің 295 жаңа жағдайы қосылған.