• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың кейбір көшелерінде бір аптаға автокөлік қозғалысы жабылады

Павлодардың кейбір көшелерінде бір аптаға автокөлік қозғалысы жабылады

Мәшһүр Жүсіп көшесінде жаз бойы су құбырларын алмастыру шарасы өткен болатын. Бүгін жұмыстар аяқталуға жақын деп мәлімдеді қала әкімдігінде. Осы жолы Бекмаханұлыдан Исиналиевке дейінгі аралығы жабылды. Сол себепті кейбір қоғамдық көіліктердің бағытына уақытша өзгерістер енгізілді.   

- №3, 003, 18, 27, 111 қоғамдық көлік бағыттарының қозғалысына уақытша өзгерістер енгізілді. Шығыстан батысқа қарай Естай көшесімен қозғалыс кезінде Абай көшесіне оңға бұрылады, одан кейін Кривенко көшесіне солға бұрылады. Одан әрі Бектұров көшесіне солға бұрыла отырып, Естай көшесіне шығады. Әрі қарай тиісті бағыт бойынша. Кері да дәл осылай жүретін болады, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

Көшенің аталмыш аралығы қазанның 25-і жабылған. Жоспар бойынша жұмыстар қарашаның 1-не дейін аяқталуы тиіс.

 Авторы: Айтмұхамбет Айғожа