• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысты

Павлодардың коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс тәртібіне ауысты

Адамдарға ыңғайлы болу үшін 35 тиегіш, 77 жүк көлігі, 18 сыпырушы және 16 құм шашқыш тынбай еңбек етті. 

 

- Қазіргі уақытта қала көшелерінде 150-ден астам бірлік арнайы техника жұмыс жасауда. Яғни, олар қарды шығару жұмыстарымен айналысып жатыр. Және 160 адам жұмылдырылды. Жолдың жиектеріндегі қарды жинау, аялдама павильондарын және жаяу жүргіншілердің жолын тазалау бойынша, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Кешке арнайы техниканың саны көбейеді. Қосымша 40 сыпырушы трактор шығады. Бүгінге дейін Успен көпірінің арғы жағында орналасқан полигонға 40 мың тонна қар шығарылды. Демалыс күндері де күшейтілген жұмыс тәртібі жалғасады. Синоптиктердің болжамы бойынша сенбі, жексенбі күндері қар жаууы ықтимал.