• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың көпқабатты үйін ПИК суды өшіреміз деп сес көрсеткен

Павлодардың көпқабатты үйін ПИК суды өшіреміз деп сес көрсеткен

Қамзин көшесіндегі №358-үй тұрғындары әлеуметтік желі арқылы жергілікті ПИК өкілдеріне шағым түсірді. Жағдайға ПИК төрайымы түсініктеме берді. Су құбырындағы апатқа байланысты тіршілік нәрін беру тоқтатылған екен.

 

-Аталмыш мекенжай бойынша қарыздың жалпы соммасы 1,5 миллион теңгені құрайды. Қазір үйдің үлкендері әрбір пәтерді аралап, сомманың 50 пайызын жинап, жертөледе жартылай құбырларды ауыстырдық. Қалған қаражат жиналғаннан кейін жұмыстарды жалғастырамыз,- қызмет көрсетуші ұйымының төрайымы Фатима Кадымова.

 

ПИК төрайымының айтуынша, жинақтау қорына әр пәтерден ай сайын 57 теңгеден жинаған. Алайда, бұл сомманы төлемегендер табылды. Тұрғын үй инспекциясында қызмет көрсетуші ұйым өкілдері қарыздар үшін қандай да бір коммуникациядан ажырату құқығы жоқ деді.

 

-«Беркут» қызмет көрсетуші ұйымның ақпараты бойынша хабарландыруда кішігірім қателік кеткен. Былайша айтқанда, тұрғындарға жинақтау қорына қаражат салу қажет. Сомма жиналғаннан кейін салқын су құбыры алмастырылады,- Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Бақытгүл Базылова.

 

Мамандар қажетті құбырларды ауыстыру жұмыстары жалғасып жатқандығын мәлімдеді. Тіршілік нәрін беру үдерісі кешкі уақытта қалпына келтіріледі.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа