• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың оңтүстігінде орналасқан көпқабатты үйлер бір апта қайнақ сусыз қалады

Павлодардың оңтүстігінде орналасқан көпқабатты үйлер бір апта қайнақ сусыз қалады

 

 

Энергетикалық компания мамандары жөндеуден кейін гидравликалық сынақтарын өткізеді. Ол 4-ші тамызға дейін жалғасады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Шілденің 29-ынан Естай, Абай, Кривенко, Малайсары батыр, Қамзин, 29-шы Ноябрь көшелері, сонымен қатар, Екінші Павлодар, Шығыс, Усолка, Достық Сарыарқа шағын аудандары және Зеленстрой қайнақ сусыз қалады.

 

- Желілерді тексеру шарасының мақсаты – бұл құбырлар мен жылу желілердің құралдарының төзімділігін тексеру. Аталмыш шара орындалып жатқанда, жылу желілеріне жақын жерлерде сақтық танытуды сұраймыз. Қандай да бір олқылық анықталғанда 57-07-51 және 62-61-09 нөмірі бойынша хабарласу қажет,-деді«Павлодарэнерго» АҚ қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Екатерина Байжұманова.

 

Энергетиктер сынақтар аяқталғаннан кейін бір айдың ішінде барлық үйлерге қайнақ беруді жоспарлайды. Содан кейін солтүстік аудандағы желілердің тексеруін қолға алады.