• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың оңтүстігінде өтіп жатқан гидравликалық сынақтар кезінде 130 ақау анықталды

Павлодардың оңтүстігінде өтіп жатқан гидравликалық сынақтар кезінде 130 ақау анықталды

Өткен жылы Павлодардың кейбір көпқабаттылары 7 айға дейін қайнақсыз отырған. Мұндай жағдайды қайталамас үшін биыл алпауыт жөндеу жүргізетін бригадалардың санын 27-ге дейін арттырды. Жылу магистралінің құрылысына байланысты биыл 14 көпқабатты екі ай қайнақсыз болмақ.
- Павлодардың солтүстігіндегі 542 үйді 25-ші мамырға дейін, оңтүстіктегі 761 көпқабатты үйді 30-шы мамырға дейін қайнақ суға қосамыз. Барлық жөндеу жұмыстары бір айдан аспауы тиіс. Ал жылу магистральдердің құрылысына байланысты 14 көпқабатты екі айдан аса қайнақтан ажыратылады, - дейді Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары.
Қазірдің өзінде Павлодардың солтүстігінде орналасқан 155 көпқабаттыға қайнақ су берілді. Шенеуніктер ыстық су туралы ақпаратты алпауыттың сайтынан бақылау тәжірбиесінен кетуде.  
- Мысалы біз олқылық бар жерді таптық. Оның жөндеуі нақты қашан анықтауын үшін қазба жұмыстарын орындау керек. Мүмкін құбырдың 1 метрін мүмкін барлық 5 метрін ауыстыру керек шығар. Сол себепті нақты мерзімді айту қиын. Жарияланып отыратын ақпарат шындыққа сәйкес болуы үшін ортақ мерзімді атайтын боламыз. Сынақтардан кейін шыққан ақауларды 1 айдын ішінде жөндеуге тырысамыз, - деп мәлімдеді Хасар Хабылбеков.
Естеріңізге салсақ, гидравликалық сынақтар сәуірдің 18-інен қаланың солтүстігінде басталған болатын. Оның қорытындысы бойынша 67 ақау анықталды. Осы аптадан сәуірдің 30-ына дейін Павлодардың оңтүстігінде сынақтар жалғасуда. Қазірдің өзінде желілерде 130 ақау табылған.

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.