• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың оңтүстік бөлігі тұрғындары 22 сәуірден бастап ыстық сусыз қалады

Павлодардың оңтүстік бөлігі тұрғындары 22 сәуірден бастап ыстық сусыз қалады

22-28 сәуір аралығында Павлодар жылу желілері «Қазақстан Алюминийі» АҚ филиалының электр станцияларымен қамтамасыз етілетін жылу желілерінің беріктігіне гидравликалық сынақтар жүргізеді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Жоғарыда айтылған күндері Павлодардың оңтүстік аудандарындағы тұрғын үйлерде ыстық су ажыратылады.

 

- 29 Қараша – Естай – Абай - Кривенко – Малайсары батыр – Қамзин көшелерінің шегінде, екінші Павлодар, Шығыс шағын ауданы, Зеленстрой кенті, Усолка, Саяжай, Достық, Сарыарқа шағын аудандары.  Ал 29 сәуір – 5 мамыр аралығында «Павлодар жылу желілері» ЖШС «Павлодарэнерго»АҚ 2-ЖЭО және 3-ЖЭО-мен қамтамасыз етілетін желілер беріктігіне сынақтар жүргізеді. Аталған уақытта Солтүстік желілік ауданның тұрғын үйлерінде ыстық су болмайды,-деп хабарлады алпауыт ұйым.

 

Ақаулары анықталмаған жылу желілерінен қамтылатын тұрғын үйлерге ыстық су желілердің толуына қарай сынақтардан кейін 3-5 күн ішінде қосылады. Желілерінде ақаулар анықталған аудандардағы үйлер ақаулар жойылғаннан кейін ыстық сумен жабдықтауға қосылатын болады.

 

Барлық анықталған ескертулер мен бұзушылықтар бойынша 57-07-51 («ПТС» ЖШС диспетчерлік қызметі), 63-01-13 (оңтүстік желілік аудан), 62-34-55 (солтүстік желілік аудан) телефондары арқылы хабарласуға болады.

Еске сала кетейік, Павлодар қаласы әкімінің қаулысына сәйкес 22 сәуірде жылыту маусымы аяқталады.