• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодардың сапаржай аумағының әбден тозығы жеткен дейді халық

Павлодардың сапаржай аумағының әбден тозығы жеткен дейді халық

Сапаржай – кез келген қаланың көрікті орындардың бірі. Алайда, соңғы кездері павлодарлықтар біздің вокзалға жөндеу қажет дейді. Бір жыл бұрын мұндағы сағатты ретке келтірген. Қазір қайтадан тоқтап тұр. Адамдар жағдайға қатысты өз ойларын айтты.

 

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қаңтар айында павлодарлықтарға сапаржайда күрделі жөндеуден өтеді деген. Ол кезде жолдың ені кеңейтіліп, такси көліктеріне арналған орын пайда болатыны айтылып еді. Жаяужолшыларға арналған көпірдің құрылысы да жоспарланған.

 

- Сапаржай алаңын абаттандыру бойынша жоба әзірленді. Қазір ол толықтыруларды қажет етеді. Сол себепті жұмыстар жалғасуда. Бұдан бөлек, қазір сапаржай алаңын күту бойынша да шаралар атқарылуда. Аялдама павильондарын жөндеу және жуу сияқты, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.  

 

Сапаржай алаңын қайта қалпына келтіру жобасының құны - 50 миллион теңге болған. Бүгінде жөндеу жұмыстары қашан басталатыны белгісіз.