Павлодардың су ағар жүйесін жөндеу үшін 41 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді
Бұл ретте кейде судың деңгейі жарты метрден де асып кететін орындар туралы айтылуда. Мәселен, Қамзин-Шөкин немесе Сәтбаев-Гагарин қиылыстары. Тізімде Қамзин-Шөкин, Назарбаев-Естай және Тульскач, Чайковская көшелеріндегі телімдер де бар. Қазіргі уақытта жоба бар, мамандар оны іске асыруға дайын.
-«Коммунсервис» КММ жыл сайын қаланың су ағар жүйесін тазартады. Осы жылдың 21 ақпанында 41 миллион 992 мың теңгеге Павлодар қаласында орналасқан су ағар жүйесінің ағымдағы жөндеуі бойынша шараларға конкурс жарияланды,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі сектор меңгерушісі Бауыржан Аралов.
Кей орындарда су жинақтағыштар орнатса, басқасына құбырлар төсейді. Әзірге тек осылай ғана. Айта кету керек, Павлодардағы су ағар жүйесінің жалпы ұзындығы шамамен 15 шақырым. Мәселені бірден шешуге қомақты қаражат қажет дейді мамандар. Айта кету керек, қаладағы барлық жаңбыр суын Ертіске төгуге болмайды.
Авторы:Бибінұр Хамитқызы