Павлодардың тұрғын үйлерін жылуға қоса бастады

 

 

Энергетикалық компанияда ең алдымен 100% дайындық актісі барлардың батареялары жылынады деп айтты. Биыл маусым мерзімнен бұрын басталған дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Бүгінгі күні қала бойынша 159 әлеуметтік нысанның батареясы жылынды. Естеріңізге салсақ, балабақша, оқу және медицина нысандарын жылуға қыркүйектің 9-ынан қосқан. Бүгін алпауыт тұрғын үй қорын қосуға кірісті. Бұл ретте, адамдар ой ойларымен бөлісуде.

 

- Қыркүйектің 16-сына келіп түскен ақпарат бойынша қаламыздағы 159 әлеуметтік нысан жылуға қосылған. Бүгін «Жылу желілері» кезеңмен көпқабатты үйлерге жылу беруді бастады. Ең алдымен 100% дайындық актісі барлардың батареялары жылынады,-деді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Екатерина Байжұманова.

 

Оның алдында қала әкімі Павлодарда жылыту маусымы мұншалықты ерте басталмағанын алға тартқан еді. Бүгіннен қаланың жедел қызметтері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.