Павлодардың жас хоккейшілері сүйікті ойынның нағыз жұлдыздарымен жүздесті
Шара ERG-дің корпаративтік әлеуметтік жауапкершілігі аясында ұйымдастырылды. Жаңа айдынға Қазақстан ұлттық құрамасы және елордалық «Барыстың» ойыншылары шықты. Олар аймақтың барлық тәрбиеленушілеріне шеберлік сабағын көрсетпек. «Спорт-ситидегі» дайындық аренасы бұл - «ERG» компаниясының жаппай спортты дамытуға деген орасан зор салымы. «Ертіс» тәрбиеленушілердің барлығы дерлік «Барыс» және Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткілері келеді. Бүгін өрендер өз армандарына бір қадам жақындады.
-
Әрине, жаттығу жұмыстары бізге ұнады. Олар өздерінің кәсіби деңгейлерін көрсетті. Пас, соққы және техникалық – тактикалық қозғалыстары тамсандырды,- дейді «Ertic» ХК ойыншысы Никита Гостюшев.
- Олар мықты, әрі күшті адамдар. Болашақта олар сияқты жұлдызды ойыншы болуды армандаймын. Өз көзімен жұлдыздарды көріп, енді одан да тыңғылықты жұмыс жасайтын боламын,- дейді Михаил «Ertic» ХК ойыншысы Синельников.
Таңғы екі сағаттық жаттығу түстен кейін жалғасын тапты. Айдынға Ақсудың «Молния» тәрбиеленушілері шықты. Ертістегідей бұл ұжымда да аймағымыздағы «ERG» құрамына кіретін ірі кәсіпорын қызметкерлерінің балалары өнер көрсетеді.
-»Барыс» мен үшін керемет команда. Олардың ойындарын өткізіп алмауға тырысамын. Келген жұлдызды ойыншылармен кездескеніме қуаныштымын,- дейді «Молния» ХК ойыншысы Әділхан Танцикужин.
Мұндай жоғары дәрежелі ойыншылардың Павлодарға келуі маңызды оқиға. Пандемиялық үзіліске байланысты олар көп уақыт бойы мұндай шеберлік сабақтарын өткізбеген еді. Сол себепті шақырту алғанда қуана келісті.
-
Заманауи жақсы модуль. Айдын да сапалы. Киінетін орындар балаларға ыңғайлы. Командаларда мықты ойыншыларды байқадық. Ең бастысы сүйген ісіңді тастамай, соңына дейін жұмыс істеу. Барлығы өнердердің ынтасына байланысты,- дейді «Барыс» және Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Роман Старченко.
Жұлдызды ойыншылар Қазақстан құрамасы сапында алдағы уақытта әлемнің үздіктерімен бақтарын сынамақ. Биылғы әлем чемпионатын бұл жігіттер өткізіп алмайтыны белгілі. Ал Павлодар облысы мен бүкіл ел теледидар арқылы барынша қолдау көрсетеді.
Авторы: Артем Буланов