• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы ресми банкрот деп танылды

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы ресми банкрот деп танылды

Павлодар облысында банкротқа таяу ұйымдар 10 млрд тг жуық салық қарызы бар. Бұл ретте, кіші және орта бизнес өкілдеріне деген қолдау артқан, сондықтан, алдыңғы жылдармен салыстырғанда жұмысы тоқтаған ұйымдар саны аз екен. мемлекеттік кірістер Департаменті өткізген Брифингіде, павлодарлық «Ертіс» клубының ресми түрде қызметі тоқтатылғандығы да мәлім болды.

-Сот шешімі бар. «Ертіс» футбол клубы банкрот деп ресми танылған. Сот шешімі заңды күшіне енген. Азаматтық кодекс бойынша қайта іске қосылу тетіктері бар,-деп мәлім етті Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің мемлекеттік берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Роза Сейтбатталова.

Павлодарлықтардың сүйікті клубы қоғамдық қор ретінде қызмет еткен. Бұл ретте, ондай ұйымды банкрот деп тану үшін, бұрынғы жұмыскерлері алдында қарызды өтеу міндеті жоқ. Қарызға белшесінен батқан клуб төлемге қабілетсіз болып, жабылып қалғанын көпшілік білмейді де. Бірақ, мамандар, болашақта, заң тетіктерін орынды қолданса «Ертісті» жандандыру мүмкіндігі жоқ емес дейді.