Павлодарлық әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастады

Алдағы уақытта Павлодарда күндіз ауа температурасы 20 градустан аспайды. Түнде қатқақ күтілмейді. Синоптиктер 5-7 градус көрсеткішінде сақталады деген болжамдарын айтты. Бұған қарамастан, қаламыздың балабақшаларында, мектеп және емхаларда жылу ысырмаларын аша бастады.

 

-Бүгінде жылуға 293 нысанның 51-і қосылды. Бұл 26 балабақша, 5 мектеп, 13 оқу мекемесі және 7 медициналық мекеме. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда,-деді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы Дархан Ахметов.

 

Әлеуметтік нысандарды кезеңмен қосады. Барлығы жылыту маусымына 100 пайыз дайын. Ал тұрғын үйлерге келетін болсақ, мұнда статистикалық көрсеткіштер басқа. Шенеуніктер әзірге баспаналарға қатысты шешім қабылдамады. Техникалық дайындыққа байланысты мерзімі бойынша шешім шығаратын болады.