Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодарлық көлік жүргізушілері жолдарды сапалы жөндеуді талап етеді

Қоғам

104
Бұл ретте Қамзин мен Парковая көшелері сөз болуда. Бүгін ол түста тіпті ұлттық сараптама орталығы тексеріс жүргізе алмады.

Қамзин көшесіндегі Малайсары Батырдан Аймауытовқа дейінгі бөлікті биыл екі рет қазды. Ол жерде қалалық коммуникацияларды жөндеді. Алайда мердігер кейін жол жабынын сапасыз төсей салғанын әзірге ешкім ресми түрде айтпады. Заң бойынша оны дәлелдеу керек, ал жүргізушілер үшін мұндай жауаптан пайда жоқ.

- Сапасыз мүлдем. Тегіс емес, селкілдеп жүреді көліктер. Кедір-бұдыр қылып төсей салған, - деді павлодарлық жүргізушілердің бірі.

Бүгін Қамзин көшесіндегі жол бөлігін жол активтері сапасы орталығы мамандары тексеруді жоспарлаған болатын. Алайда орынға тапсырыс беруші де келуі тиіс екен. Әйтпесе сараптама жасауға рұқсат жоқ. Айта кету керек, Парковая көшесінде де осындай жағдай. Бұған дейін әкімдікте ақаулар жойылды деген еді. Бірақ көлік иелерінің пікірі бөлек.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы

 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()